Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Февраль
2026

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесіне шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды

0

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыста жағдайдың ушығуына байланысты Қауіпсіздік кеңесіне шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды. Бұл жөнінде Ақорда хабарлады.
“Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке күштік құрылымдар мен салалық министрліктердің жетекшілерімен бірге Ирандағы ахуалдың ушығуына және еліміздегі тұрақтылыққа қатер төндіру ықтималдығына байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды” деп жазылған Ақорда хабарламасында.
Ақорданың жазуынша, Тоқаевтың тапсырмасымен күштік құрылымдар тәуліктік жұмыс кестесіне көшірілген.

“Үкіметте сыртқы істер министрлігі жетекшілік жасайтын арнайы мониторинг тобы жұмысқа кірісті. Өңір әкімдеріне Таяу Шығыста болып жатқан жағдайды ескере отырып, шешім қабылдау тапсырылды” деп жазылған ресми хабарламада.
28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға соққы жасаған. Тегеранның да қарымта жауап қайтарып, АҚШ-тың Парсы шығынағындағы базалары мен Израильді соққылағаны белгілі болды.
Қазақстан СІМ Иранда зардап шеккендер арасында қазақсандықтар жоқ екенін, қазіргі кезде ол жақта 96 қазақстандық бар екенін хабарлады.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса