"Эпикалық қаһар" операциясында АҚШ-тың 3 әскери қызметкері қаза тапты
"Эпикалық қаһар" операциясында (Operation Epic Fury) АҚШ-тың үш әскери қызметкері мерт болып, тағы бесеуі ауыр жарақат алды. Бұл туралы АҚШ Орталық қолбасшылығы хабарлады. Мұны өз үндеуінде АҚШ президенті Дональд Трамп та атап өтті.
АҚШ Орталық қолбасшылығының мәліметінше, әскери қызметкерлердің қазасы АҚШ-тың шығыс жағалауындағы уақыты бойынша 1 наурыз күні таңғы 9:30-да расталған. Бірқатар өзге қызметкер жарақат алып, миы шайқалған. Олар тексеруден өтіп, қызметіне оралған.
Шенеуніктердің айтуынша, әскери операциясы әлі жалғасып жатыр.
"Жағдай құбылып тұр" деді Орталық қолбасшылық қаза тапқандардың аты-жөні туыстарына хабар берілгенге дейін аталмайтынын ескертіп.
Бұдан өзге ақпарат берілмеді.
