Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысының есімі жарияланды

0
Иранның Сарапшылар кеңесі елдің жаңа Жоғарғы көшбасшысының есімін жариялады. Бұл қызметке Моджтаба Хаменеи тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі IRNA агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттік бұл туралы дүйсенбі, 9 наурызда Telegram-арнасында бөлісті.


"Көшбасшылық жөніндегі Сарапшылар кеңесі көпшілік дауыспен аятолла Хадж Сейед Моджтаба Хаменеиді Иран Ислам Республикасының үшінші көшбасшысы етіп тағайындады", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Сарапшылар кеңесінің мүшелерінің бірі Иранда елдің Жоғарғы көшбасшысы қызметіне үміткер анықталғанын мәлімдеген еді. Алайда ол елде "әскери жағдай" барын атап өткен.
Али Хаменеидің қазасынан кейін Иранды уақытша үш адамнан тұратын кеңес басқарған. Оның құрамына президент Масуд Пезешкиан, сот жүйесінің басшысы Голям Хосейн Мохсени-Эджеи және Конституция сақшылар кеңесінің мүшесі аятолла Алиреза Арафи кірген.
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы
Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастаған. Тель-Авив бұл әрекеттің мақсаты Тегеранның ядролық қару алуына жол бермеу екенін мәлімдеді. Вашингтон Иранның әскери-теңіз күштері мен қорғаныс өнеркәсібін жоюы мүмкін екенін айтып, ел азаматтарын билікті құлатуға шақырды.
Осы шабуылдар салдарынан Иранның Жоғарғы көшбасшысы аятолла Али Хаменеи қаза тапты. Елде 40 күндік аза тұту жарияланды.
Бұған дейін БАҚ-та қаза тапқан көшбасшының 56 жастағы ұлы Моджтаба Хаменеи әкесінің орнына негізгі үміткер екені хабарланған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса