Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

ТЖМ су тасқыны қаупі бар өңірлерді атады

0

Қазақстанның қай өңірлерінде су тасқыны қаупі бар? Бұл сұраққа төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Вице-министрдің айтуынша, барлығы бес өңір тәуекел аймағында орналасқан.

"Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Абай облыстары. Біз жағдайды күн сайын бақылап отырмыз. 1 наурыздан бастап командалық орталық базасында тәулік бойы жедел штаб жұмыс істеп тұр. Сондықтан әкімдіктермен бірлесіп барлық алдын алу шаралары қабылданды. Тиісті инженерлік жұмыстар жүргізілді. Елді мекендерге қауіп жоқ, жағдай бақылауда. Біздің күштер мен құралдар дайын", - деді Кеген Тұрсынбаев Сенаттағы брифинг барысында.

Вице-министр биыл жалпы алғанда уәкілетті органдар су тасқынына 100 пайыз дайын екенін айтты. Дегенмен аталған өңірлерде су басу ықтималдығы жоққа шығарылмайды.

"Барлығы қар жамылғысына, топырақтың қатуына байланысты. Біз осы тәуекел аймақтарын анықтадық, бірақ елді мекендерді су баспау үшін барлық шара қабылданады. (...) Менің ойымша, 2026 жылғы су тасқыны өткеннен кейін кімнің дайын болғаны, кімнің дайын болмағаны белгілі болады. Қазіргі уақытта бәрі әрекет етуге дайын", - деді Тұрсынбаев.

Сонымен қатар журналистер Астана бойынша ТЖМ болжамын сұрады. Вице-министрдің айтуынша, елордада су тасқыны қаупі жоқ.

"Қар қарқынды ерігенде немесе жаңбыр кезінде, әрине, кейбір қиылыстарда су жиналады. Коммуналдық қызметтер жедел әрекет етеді, біздің күштер мен құралдар да көмек көрсетеді", - деп қосты ол.

Еске салайық, 5 наурызда премьер-министр Олжас Бектенов әкімдерге бір апта ішінде су тасқыны тәуекелдерін зерттеп, қажетті шараларды қабылдауды және жергілікті жерлерге барып тексеруді тапсырған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса