Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстандықтарға көктемгі гүлдерді жұлғаны үшін айыппұл салынатыны ескертілді

0

Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтан сирек кездесетін өсімдіктерді, соның ішінде бәйшешек пен қызғалдақты жұлуға қатысты жаза туралы сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шенеунік Қызыл кітапқа енген гүлдерді жоюға қатысты жаза "қатаң" екенін айтты.

"Қызғалдақтар мен бәйшешектерді жұлу үшін қатаң жаза бар, сондықтан бұл өсімдіктерді жұлмауға кеңес беремін. Олар көп емес және бұл тізімге бекер енгізілген жоқ. Әлемде жыл сайын өсімдіктердің және, әрине, жануарлардың көптеген түрі жойылып жатыр. Кез келген түрдің жоғалуы қайтымсыз теріс салдарға әкелуі мүмкін. Сондықтан табиғатты қорғаңыздар", - деп қазақстандықтарға үндеу жасады Нысанбаев.

Нысанбаев Қызыл кітапқа енген гүлдерді жұлғаны үшін салынатын айыппұлдың нақты мөлшерін нақталымады және өсімдік түрлерін де айта алмады.

"Өте үлкен (тізім - еск.), мыңдаған. Мен атай алмаймын, компьютер емеспін. Бірақ бәйшешектер де сирек өсімдіктер қатарына жатады", - деп түйіндеді ол.

Еске салайық, 2025 жылғы сәуірде Түркістан облысында тұрғын Қызыл кітапқа енгізілген жабайы қызғалдақтарды жұлып алған. Бұл сәт видеоға түсіп, оған полицияның назары ауды. Қылмыстық кодекстің 339-бабы "Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер түрлерімен заңсыз айналысу" бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Қазақстан заңнамасына сәйкес, Қызыл кітапқа енгізілген сирек және қорғалатын өсімдіктерді жұлу жауапкершілікке әкеледі. Аталған Қылмыстық кодекс бабы бойынша 3 000 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған (2026 жылы шамамен 13 миллион теңге).
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса