Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Таяу Шығыстағы қақтығыс: Иран елшісі Қазақстан үшін қауіп жоқ деп мәлімдеді

0

Иранның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Әли Акбар Джоукар Таяу Шығыстағы әскери қақтығыс аясында Қазақстан мен Орталық Азияға ықтимал қауіп туралы сұраққа жауап берді. Дипломаттың айтуынша, қазіргі уақытта мұндай қауіп жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Баспасөз мәслихаты кезінде журналистер дипломаттан "соғыс Қазақстан шекарасына дейін жетуі мүмкін бе?" деп сұрады.

"Қазақстан үшін ешқандай қауіп жоқ. Тек болашақта Иранда әлеулі тұрақсыздық немесе жаппай тәртіпсіздік болса, Таяу Шығыстан экстремистер мен террористер Орталық Азияға ену қаупі туындауы мүмкін", - деді Джоукар.

Елші бүгінде мұндай қауіп жоқ екенін айтты.

"Иранда қазіргі билік сақталып тұрғанша, Қазақстан мен Орталық Азия елдері үшін ешқандай қауіп жоқ", - деді ол.

Сондай-ақ журналистер дипломаттан Каспий теңізіндегі кеме қатынасының қауіпсіздігі және Иран оны қорғау үшін қандай шаралар қабылдайтыны туралы сұрады.
Әли Акбар Джоукардың айтуынша, Каспийдегі қауіпсіздікті жағалаудағы мемлекеттер қамтамасыз етуі тиіс.
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы
Айта кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастады. Тель-Авив соққының мақсаты Тегеранның ядролық қару алуына жол бермеу екенін мәлімдеді. Вашингтон Иран флоты мен қорғаныс өнеркәсібін жоямыз деп қорқытып, ел азаматтарын режимді құлатуға шақырды.
Соңғы мәлімет бойынша, АҚШ пен Израильдің шабуылдары салдарынан Иранда кемінде 1300 адам қаза тапты, соның ішінде жоғарғы көшбасшы Әли Хаменеи бар. 9 наурызда Сарапшылар кеңесі Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысының есімін жариялады. Ол қаза тапқан көшбасшының ұлы Можтаба Хаменеи болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса