Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Алматыдағы 7-сынып оқушысының өлімі: жекеменшік мектеп пікір білдірді

0

Алматыда жекеменшік мектептердің бірінде оқитын 7-сынып оқушысының қаза болуына байланысты полиция тергеу жүргізіп жатыр. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға жайлы не белгілі?
Оқушының қаза тапқаны туралы ақпаратты редакцияға оқырман хабарлады. Аноним түрде мәлімет берген дереккөздің айтуынша, оқиғаға оқу үлгерімі мен бағаларға қатысты қиындықтар себеп болуы мүмкін.
Мектепте не дейді?
Жекеменшік мектеп әкімшілігі редакцияның ресми сауалына жауап берді.
Олардың мәліметінше, қайғылы жағдай оқу орнының аумағынан тыс жерде болған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы құзырлы органдар тарапынан анықталып жатыр.
Мектеп әкімшілігі қыздың онда ұзақ уақыт оқымағанын, ал оның оқу мерзімі мен басқа да жеке деректер тек заң аясында ғана берілуі мүмкін екенін жеткізді.

"Мектеп ұжымы оқушының отбасына қайғырып көңіл айтады және өз құзыреті шеңберінде қажетті қолдау көрсетіп жатыр", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ білім беру мекемесі қауіпсіздік талаптары сақталатынын және оқушыларға психологиялық қолдау көрсетілетінін мәлімдеді. Мамандар оқушылардың эмоционалдық жағдайын тұрақты бақылауда ұстайтыны айтылды.Қылмыстық іс қозғалды
Бұған дейін Алматы Полиция департаменті бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлаған.

"Аталған дерек бойынша Бостандық ауданы полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр", – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, іс Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша тіркелген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса