Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

10 сәуірге дейін Конституция жаппай таралыммен басып шығарылады

0

Мәдениет және ақпарат министрлігі жаңа Конституцияның нормалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жоспарын әзірлеуі тиіс. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов осындай тапсырма берді. 

— Жаңа Конституцияда мемлекет пен қоғамның орнықты дамуына берік негіз болатын нормалар мен ережелер түгел қамтылған. Біріншіден, жаңа Конституцияның нормалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажет. Осыған байланысты Мәдениет және ақпарат министрлігіне бір апта ішінде тиісті ақпараттық жұмыс жоспарын әзірлеуді тапсырамын, — деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, 2026 жылдың 10 сәуіріне дейін Конституцияны жаппай таралыммен басып шығарып, мемлекеттік органдарға, білім беру, мәдениет ұйымдарына, кітапханалар мен сауда орындарына жеткізу керек.

— Цифрлық даму министрлігі Конституция мәтінін қолжетімді электрондық платформаларда орналастыруды қамтамасыз етсін. Білім беру саласында мектептерде, колледждер мен университеттерде Конституция ережелері бойынша оқу сабақтарын өткізу керек. Ол үшін Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктеріне 20 сәуірге дейін тиісті әдістемелік нұсқаулар мен оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеуді тапсырамын, — деді ол.

Премьер-министр Конституцияда медициналық көмекті қаржыландыру көздерін кеңейту, оның ішінде бюджеттен тыс қаражатты тарту мүмкіндігі бекітілгенін атап өтті.

— Бұл осы жүйенің барынша тұрақты әрі икемді болуына жағдай жасайды. Сақтандыру пакеті жоспарлы және жоғары технологиялық медициналық көмектің көптеген түрлеріне қол жеткізу құралына айналады. Биылғы 1 сәуірге дейін Денсаулық сақтау министрлігі Әділет министрлігімен бірге қолданыстағы заңнамаға қажетті түзетулерді Парламентке енгізуді қамтамасыз етсін, — деді Олжас Бектенов.

Айта кетейік, Үкімет жаңа Конституция нормаларын жүзеге асыру жолдары талқыланды.

Сообщение 10 сәуірге дейін Конституция жаппай таралыммен басып шығарылады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса