Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Майамидегі турнирде Рыбакина Путинцеваны жеңді

0

Майамиде өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирде қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева арасындағы әйелдер арасындағы жекелей сындағы екінші айналым матчі аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлемнің екінші ракеткасы қарсыласын екі сетте жеңді - 6:3, 6:3. Матч 1 сағат 17 минутқа созылды. Рыбакина тоғыз эйс жасап, екі қос қателік жіберді және алты брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды. Путинцева бір эйс орындап, қос қателік жіберген жоқ және матч барысында алған үш брейк-пойнттың біреуін жүзеге асырды.

Келесі кезеңде Елена Рыбакина әлемнің 27-ракеткасы Марта Костюкпен кездеседі.

Miami Open турнирі 17–28 наурыз аралығында өтіп жатыр. Жарыстың жалпы жүлде қоры 18 831 450 доллар (шамамен 9,08 миллиард теңге), ал жекелей сында жеңімпаздар 1 151 380 доллардан (555 миллион теңгеден астам) алады.

Турнирдің қазіргі чемпионы - әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса