Тұман, жаңбыр мен дауыл: 25 наурызда ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 25 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болатынын болжайды. Жауын-шашын түсіп, ал оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында кей уақыттарда нөсер күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Күндіз елдің батысында және оңтүстігінде найзағай, шаңды дауыл, желдің күшеюі болжанады. Республика бойынша тұман күтіледі, солтүстікте, шығыста және орталықта көктайғақ сақталады.
Астана - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ. Жел оңтүстік бағыттан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6 аяз, күндіз 5-7 жылы.
Алматы - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыс бағыттан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 15-17 жылы. Іле Алатауының таулы аймақтарында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы өңірлері) - жауын-шашынсыз. Түнде тұман. Жел солтүстік-шығыс бағыттан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 аяз, күндіз 5-10 жылы.
Шымкент - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыс бағыттан 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 25-27 жылы.
Ақмола облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман. Жолдарда көктайғақ. Жел оңтүстік бағыттан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 3-8 аяз, облыстың солтүстігінде 0 градус, күндіз 5-10 жылы. Көкшетау - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік бағыттан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 аяз, күндіз 8-10 жылы.
Алматы облысы - жауын-шашынсыз. Түнде облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман. Жел солтүстік-шығыс бағыттан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 3-8 жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарында 0-5 аяз, күндіз 15-20, таулы аймақтарда 5-10 жылы. Қонаев - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыс бағыттан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 15-17 жылы.
Жетісу облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарында тұман. Жел солтүстік-шығыс бағыттан 9-14 м/с, Алакөл көлдері ауданында солтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23-28 м/с, түнде кей уақытта 30 м/с және одан да жоғары. Ауа температурасы түнде 0-5 жылы, облыстың орталығында, таулы аймақтарында 0-5 аяз, күндіз 15-20, таулы аймақтарда 10 жылы. Талдықорған - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыс бағыттан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3 аяз, күндіз 16-18 жылы.
Түркістан облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Жел солтүстік-шығыс бағыттан 8-13, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы аймақтарында 15-20, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 8-13, облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарында 4, күндіз 23-28, солтүстігінде, таулы аймақтарында 13-18 жылы. Түркістан - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыс бағыттан 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 25-27 жылы.
Батыс Қазақстан облысы - облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Жел солтүстік-шығыс, шығыс бағыттан 9-14, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 1-6, облыстың шығысында 9, күндіз 12-17, шығысында 20 жылы. Орал - құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыс, шығыс бағыттан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 15-17 жылы.
Атырау облысы - түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан 9-14, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың батысында 7, күндіз 20-25 жылы. Атырау - құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 21-23 жылы.
Маңғыстау облысы - облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай. Облыстың батысында тұман. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан 9-14, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 7-12, облыстың оңтүстігінде 15, күндіз 23-28, батысында 15-20 жылы. Ақтау - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 18-20 жылы.
Ақтөбе облысы - облыстың батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр. Жел оңтүстік-шығыс, шығыс бағыттан 9-14, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде 7-12, солтүстік-шығысында 3, күндіз 17-22, солтүстік-шығысында 12 жылы. Ақтөбе - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 17-19 жылы.
Қостанай облысы - күндіз облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыс бағыттан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 3 аяз-2 жылы, облыстың шығысында 6 аяз, күндіз 7-12, шығысында 4 жылы. Қостанай - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыс бағыттан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 аяз, күндіз 8-10 жылы.
Солтүстік Қазақстан облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыс бағыттан 9-14, күндіз батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 аяз, күндіз 6-11 жылы. Петропавл - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыс бағыттан 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 аяз, күндіз 6-8 жылы.
Павлодар облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың оңтүстігінде, батысында тұман. Жел оңтүстік бағыттан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 аяз, күндіз 4-9 жылы. Павлодар - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік бағыттан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4 аяз, күндіз 5-7 жылы.
Қарағанды облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-шығыс, оңтүстік бағыттан 9-14, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5, облыстың шығысында 8 аяз, оңтүстігінде 3 жылы, күндіз 6-11, оңтүстігінде 18 жылы. Қарағанды - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Жел оңтүстік-шығыс, оңтүстік бағыттан 4-9 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 аяз, күндіз 7-9 жылы.
Ұлытау облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Жел шығыс, оңтүстік-шығыс бағыттан 9-14, таңертең және күндіз шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 3 аяздан 2 жылыға дейін, батысында 5 жылы, күндіз 10-15, батысында 20 жылы. Жезқазған - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыс, оңтүстік-шығыс бағыттан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 1 аяз-1 жылы, күндіз 13-15 жылы.
Шығыс Қазақстан облысы - түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде қар. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Жел солтүстік-шығыс бағыттан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 5-10, оңтүстігінде 2, шығысында 15 аяз, күндіз 3-8 жылы, шығысында 2 аяз. Өскемен - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыс бағыттан 4-9 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8 аяз, күндіз 3-5 жылы.
Абай облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 3-8 аяз, күндіз 3-8, облыстың оңтүстігінде 13 жылы, шығысында 2 аяз. Семей - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан 4-9 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7 аяз, күндіз 6-8 жылы.
Қызылорда облысы - жауын-шашынсыз. Күндіз облыстың шығысында, орталығында шаңды дауыл. Жел шығыс бағыттан түнде 9-14, облыстың шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 4-9, күндіз 21-26, облыстың солтүстігінде 18 жылы. Қызылорда - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл. Жел шығыс бағыттан түнде 9-14 м/с, күндіз 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 21-23 жылы.
Жамбыл облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман. Жел солтүстік-шығыс бағыттан 9-14, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 3-8 жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарында 2 аяз, күндіз 17-22, солтүстігінде, таулы аймақтарында 14 жылы. Тараз - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Жел солтүстік-шығыс бағыттан 9-14, таңертең және күндіз екпіні 15-20, кейде 23 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 19-21 жылы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
