Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27
28
29
30
31

24 градусқа дейін ыстық және көктайғақ: алдағы күндері Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?

0

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 27, 28 және 29 наурызда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанадағы ауа райы болжамы

27 наурызда күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ болады. Шығыс бағыттағы желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде -2...-4 градус, күндіз +9...+11 градус жылы.

28 наурызда күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ болады. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 0...+2 градус, күндіз +12...+14 градус жылы.

29 наурызда күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 0...+2 градус, күндіз +12...+14 градус жылы.

Алматыдағы ауа райы болжамы

27 наурызда күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +6...+8 градус, күндіз +22...+24 градус жылы.

28-29 наурызда күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус, күндіз +21...+23 градус жылы.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса