Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28
29
30
31

“Сырғалым атандым“: Әбиба Әбужақынова болашақ жарын көрсетті

0
Қазақстандық дзюдошысы Әбиба Әбужақынова ұлттық құраманың тағы бір мүшесімен некелесетінін жариялады. Әлем чемпионатының финалисі таңдаған азамат өзінен төрт жас кіші, - деп хабарлайды Tengri Sport.28 жастағы спортшы демалыс күндері үйлену тойы өтетінін жариялады. Бастапқыда күйеу жігіттің есімі құпия сақталған еді, бірақ көп ұзамай болашақ ерлі-зайыпты әлеуметтік желіде бір-бірін белгіледі.
Танымал дзюдошы әлеуметтік желіде сырға салу рәсімінен кадрлар жариялады. Онда ол күйеу жігітті алғаш рет көрсетті.

"Сырғалым атандым. Бірақ спорттан кеткен жоқпын. Алда - 2028 жылғы Жазғы Олимпиада", - деп жазды дзюдошы.

Әбиба Әбужақынованың сүйіктісі 24 жастағы Қазақстан чемпионы, дзюдошы Ермахан Әнуарбеков екені белгілі болды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Abiba Abuzhakynova (@abiba48) жарияланымы


Әбиба Әбужақынованың сүйіктісі туралы не белгілі?
Ермахан Әнуарбеков 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. 2021 жылы ол жасөспірімдер арасындағы Азия кубогының жеңімпазы атанды, ал ересектер арасындағы турнирлердегі ең үздік нәтижесі - Азия чемпионатындағы бесінші орын.
Былтыр ол Jenys кәсіби клубының құрамына кірген. Әбиба да бірнеше жылдан бері осы клуп сапында.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

JENYS JUDO CLUB | KAZAKHSTAN (@jenysjudoclub) жарияланымы


Еске сала кетейік, Әбиба Әбужақынованың еншісінде әлем чемпионаттарының үш медалі бар: 2 қола және бір күміс. Сонымен қатар ол Олимпиада ойындарына қатысқан, бірақ әзірге жүлдеге іліге қойған жоқ.
Дзюдошының айтуынша, ол жолдама алып, 2028 жылы Лос-Анджелесте (АҚШ) өтетін келесі Олимпиадаға қатысуды көздейді.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса