Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29
30
31

Ертең еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады — Қазгидромет

0

«Қазгидромет» 2026 жылғы 29 наурызға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамын жариялады.

Болжамға сәйкес, жексенбі күні еліміздің көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек елдің батысы мен оңтүстігінде атмосфералық фронттардың әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін.

Республика аумағында тұман түседі, солтүстік өңірлерде көктайғақ пайда болуы ықтимал. Батыс, оңтүстік және орталық аймақтарда жел күшейеді. Сонымен қатар оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал.

Қызылорда облысының шығысы, Түркістан облысының батысы және Жетісу облысының оңтүстігінде өрт қауіпі жоғары деңгейде сақталады.

Бұған дейін «Қазгидромет» РМҚ бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болатынын хабарлаған еді.

 

Сообщение Ертең еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады — Қазгидромет появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса