Мысық неліктен тышқанды жейді
Ерте, ерте, ертеде мысық пен тышқан өте тату өтетін дос екен. Олар тапқандарын бөліп жеп, ойнап-күліп жүріпті. Сол кезде адамзат жыл мүшелдерін белгілеу үшін бір жылы хайуанаттарды жинап сайлам жүргізбек болыпты, бұл сайламға бүкіл хайуанаттардың барлығы қатысуы керек екен. Ертең сайлам жүргізіледі деген күні ұйқышыл мысық «Тәңертең ұйықтап қалып сайламнан құр қалмайын» деген ойымен қағылез досы тышқанға:
– Ағайын, ертең сайламға бірлікте барайық. Ұйқының қаттылығын өзің білесің, таңертең мені сөзсіз оятып қой, ертерек барайық, – депті.
– Қам жеме, мысық аға, мен таң атпай оянғаныммен, сені оятпай қайтіп жалғыз барамын, – депті тышқан. Бірақ ол түніменен ойға батып «Сайламға қатынасатындардың...
