Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Апрель
2026
1 2 3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

“Зейнеткерлерге арналған Тиндер“. Қазақстандықтар ата-анасына ерекше тәсілмен өмірлік серік іздеп жатыр

0

Әлеуметтік желілерде ерекше тренд басталды: қазақстандықтар жалғызбасты ата-анасы мен ата-әжесіне өмірлік серік табуға көмектесу үшін олардың сауалнамаларын жариялап жатыр, - деп хабарлайды Tengri Life.
Бәрі неден басталды?
Бұл толқынды елордалық стоматолог Алина Алимова бастады. Барлығы оның 79 жастағы атасының Екібастұздан Астанаға келуінен басталған. Қария түрлі сылтау айтып, келуден ұзақ уақыт бас тартқанымен, соңында немересіне ішіндегі сырын ақтарған.

"Ол отырып алып: "Маған сондай қиын, жалғыздықтан жаным жүдейді" дейді. Әжеміз осыдан алты жыл бұрын қайтыс болды, атамыз оған ұзақ уақыт қарап, күтті. 79 жаста болса да, ақылы сергек, тың, өзі де ширақ көрінеді. Мен оған қарап: "Кел, саған қалыңдық іздейік" деп ұсындым", - деп бөлісті ол.

Осылайша оның суреті мен жеке қасиеттері сипатталған қысқаша сауалнама жариялау идеясы туды.Әлеуметтік желіден скриншот
Бұл жазба күтпеген жерден үлкен резонанс тудырды. Алинаның айтуынша, оның жеке хабарламаларына әйелдер мен әлеуетті үміткерлердің туыстары жаппай жаза бастаған.

"Бізде үміткерлер өте көп, қыздар маған жеке хабарламаға көптеп жіберіп жатыр. Барлығы бірдей көпшілік алдына шығара бермейді", - деді ол.

Желі қолданушылары қалай әсер етті?
Пост тез арада танымал болып, желі қолданушылары оны "ең сүйкімді тренд" деп атады.
Жазбаның астындағы пікірлерде басқа да жалғызбасты қазақстандықтардың балалары мен немерелерінен жаңа сауалнамалар пайда бола бастады. Желі қолданушылары жақындарының жанына серік болар жанды табуына көмектесу мақсатында олардың суреттерін бөлісіп, мінез-құлқы, қызығушылықтары мен үміттері туралы баяндады.
Әлеуметтік желіден скриншот
Мәселен, Ботагөз Төлепберген өзінің 63 жастағы анасы Бақытқа жақын адам табуға көмектесуді ұйғарған. Оның айтуынша, анасы - өте жылы әрі мейірімді жан.

"Ол саяхаттағанды, серуендегенді, сурет салғанды жақсы көреді және өте дәмді тамақ пісіреді. Анам ұялады, бірақ танысуға ниетті! Қамқорлық пен құрметке толы тыныш одақ құруды қалайды", - деп жазды ол.

Сондай-ақ Ботагөз қоғамда аға буынның жеке өмірі туралы ашық айту қалыптаспағанын, бірақ жақын адамыңның бақыты үшін бақ сынап көруге тұратынын атап өтті.
Бұл трендке Аяжан Құжантай да қосылды. Әкесінің қарсылығына қарамастан, ол да әкесіне серік табу үмітімен оның сауалнамасын жариялады.
Әлеуметтік желіден скриншот
Айта кетейік, жақындарына серік іздеуге тек Астанадан ғана емес, Қазақстанның басқа қалаларынан, сондай-ақ көршілес елдерден де қолданушылар қосылды.
Пікірлерде көбісі бұл трендті жылы қабылдап, қолдау көрсетті.

"Керемет жазбалар тізбегі", "Бұл бүгінгі ең сүйкімді пост", "Жалғызбасты қарттардың араласқысы келіп, өз адамын іздегені өте жылы әсер қалдырады", "Осы тізбектегі барлық "жаушыларға" бір орын, уақыт пен күнді белгілеп, барлық күйеу жігіттер мен қалыңдықтарымызды сонда апару керек. Сол жерде олар танысады, мүмкін жұптар құрылып қалар", - деп жазды желі қолданушылары.

Әрі қарай не болды?
Оқиға жалғасын тапты: Алинаның атасы өзінің алғашқы кездесуіне барды. Кездесуге ол тыңғылықты дайындалып, үлкен гүл шоғымен келген. Қарияның айтуынша, гүлдер оған "зейнетақысының жартысындай" сомаға түскен.

"Бүгін алғашқы кездесуге бара жатырмыз. Атам тас-түйін дайын. Бүгін клиникаға анаммен келіп: "Сен уайымдама, мен өзімді нық сезінемін, әйелдермен тіл табыса аламын, қобалжыма" деді", - деп әңгімеледі стоматолог.

Кейінірек қария кештен алған әсерімен бөлісті.

"Біз алдымен бұрынғы өмірімізді айттық. Мен баяндадым, ол да айтты. Сосын мен: "Мен келісемін, қазір-ақ үйіңе барайық" деп ұсыныс тастадым. Ол: "Мен ойланайын" деді. Олай-бұлай әңгімелестік", - деп бөлісті ол.

Бұл жұптың қарым-қатынасы жалғаса ма, жоқ па - әзірге құпия, бірақ жалғыздықты жеңу жолындағы алғашқы қадам жасалды.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса