ҚазҰУ – студенттік өмір мен белсенділіктің орталығы
Студенттік өмір – әр адамның өміріндегі ең маңызды әрі есте қаларлық кезеңдердің бірі. Бұл уақыт тек білім алумен ғана шектелмей, тұлғалық қалыптасу, жаңа ортаға бейімделу және қоғамдық белсенділікті дамыту кезеңі болып табылады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – осындай мүмкіндіктерді толық жүзеге асыруға жағдай жасайтын еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі.
Қазіргі таңда мен ҚазҰУ-дың Экономика факультетінде білім алудамын. Университетке түскен сәттен бастап студенттік өмірдің қаншалықты мазмұнды әрі қарқынды өтетінін өз тәжірибемде сезініп келемін. Алғашқы кезеңде үлкен кампус, жаңа пәндер мен талаптарға бейімделу оңай болмағанымен, уақыт өте келе бұл орта маған жақын әрі түсінікті бола бастады.
ҚазҰУ-дың басты ерекшеліктерінің бірі...
