Жаман әдеттің әлегі
Ертеде бір патшаның жалғыз қызы болыпты. Кішкене ханша өте сұлу, ақылды, инабатты екен. Солай бола тұра, оның кейде қолының тырнағын кеміретін жаман әдеті бар екен. Қанша ескерту жасалғанмен ол оғаш дағдысын қоя алмапты.
Бір күні оның осы ұнамсыз қылығын тағы байқаған патша қызына:
– Қыз баланың тырнағын кеміруі – ең жаман әдет. Бүйте берсең, тышқанға айналып кетуің мүмкін, – дейді.
Ханша үндемейді.
Күндердің бір күнінде патша серуенге шығады. Сарайда қалған ханша қуыршақтарымен ойнап отырады. Кенет жаман дағдысы есіне түсіп, тырнағын кеміре бастайды. Сәлден соң ол өзінің тез кішірейіп, төңірегіндегі заттардың жылдам үлкейіп бара жатқанын байқайды. Саусағын аузынан суырып алады. Қараса,...
