Екі сараң қонжық
Ертеде бір ну орманда кәрі Аю тіршілік етіпті. Аюдың екі қонжығы болыпты. Қонжықтар өскен кезде, бақыт іздеуге жолға шығыпты. Олар жолға шығар алдында анасымен қоштасыпты. Ал анасы қонжықтарын құшақтап, еш уақытта бір бірінен айырылыспауды талап етті. Анасының бұйрығын орындауға сөз берген қонжықтар жқлға шығады. Алдымен олар тоғайдың шетімен, содан соң жазық даламен жүреді. Сөйтіп бір күн жүрді, екінші күн жүрді. Ақырында бар қоректері таусылды. Ал жолдан табатын ештеңе болмады. Қонжықтар бірінің артынан бірі еріп келе жатты. Сол уақытта кіші Қонжық: Ағатайым, менің қарным ашты! деп шағымданады.
— Менің де қарным ашты! деп өңі бұзылып, басын шайқайды. Солай жүре берді. Кенеттен...
