Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Апрель
2026
1 2 3 4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді

0

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің тұрғындары 3 сәуірде Ауғанстан аумағында болған жер сілкінісін сезді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жер сілкінісі ҚР ТЖМ-ге қарасты "Ұлттық сейсмологиялық зерттеулер және ақпарат ғылыми орталығы" ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі арқылы Астана уақытымен сағат 21:13-те тіркелді.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 853 шақырым жерде орналасқан.

Есептік мәліметтерге сәйкес, Түркістан және Жамбыл облыстарының бірқатар елді мекенінде жер сілкінісі 2 балл шамасында сезілген.

Атап айтқанда, әлсіз дүмпу Шымкент, Тараз, Түркістан, Мырзакент, Жетісай, Сарыағаш, Шардара, Қазығұрт, Леңгір, Манкент, Ақсукент, Арыс, Темірлан, Сарыкемер, Меркі, Қаратау, Жаңатас, Кентау, Қордай, Шолаққорған және басқа да елді мекендерде байқалған.

Зардап шеккендер мен қирау туралы ақпарат түскен жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса