Жазда шанамен ойнауға бола ма?
Айдын деген баланың елден ерекше сүйікті – Коньки, Шаңғы, Шана есімді достары болыпты. Айдын оларды қаншалықты жақсы көрсе, достары да оған барынша адал болыпты. Сөйтіп баланың достары бір бөлмеде тату-тәтті өмір сүріп жатыпты. Олар жалыға бастағанда есікке қарап, елеңдеп қалысады екен.
Айдын кіріп келе қалған жағдайда, барлығы шетінен:
– Мен!.. Мен!..
– Мен барғым келеді, – деп жамырап қоя береді. Ал Айдын достарын көшеге бір-бірлеп қана шақырып, әрқайсысын жеке-жеке ойнататын көрінеді. Оның бұл мінезіне достарының да еті әбден үйреніп алған, бәріміз бірдей неге шынықпаймыз деп ренжуді білмепті.
Бірақ Айдынның бұлар түсінбейтін мінезі болыпты. Кейде достарын мүлде есінен шығарып, олар жатқан...
