Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Ақмола облысында бөгет бұзылды - өңірде қазір не болып жатыр?

0

Ақмола облысының Қорғалжын ауданында еріген қар суының келуіне байланысты "Шөптікөл" бөгеті бұзылды. Өңір әкімдігі оқиға орнындағы жағдай туралы мәлімдеді, - деп жазады Tengrinews.kz.
Әкімдік мәліметінше, қазіргі уақытта жақын маңдағы елді мекен - Сабынды ауылын су басу қаупі толығымен сейілді. Барлық нысан штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

" Жергілікті атқарушы органдар, ТЖМ күштері және тұрғындардың қатысуымен Астана – Қорғалжын республикалық автожолының жол жамылғысының деңгейін көтеру арқылы еріген суды дала аймағына бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Салдарды жоюға 56 техника мен 230-дан аса жергілікті тұрғын мен ТЖМ жеке құрамы жұмылдырылды. 5 мың қапшық пен 50 мың тонна инертті материал дайындалып, 800 метрлік топырақ үйіндісі тұрғызылды. Жағдай тиісті қызметтердің бақылауында", - деп хабарлады әкімдіктен.

"Шөптікөл" бөгетінің сыйымдылығы 4,71 миллион текше метр суды құрайды, су айдынының ауданы 157 гектар, орташа тереңдігі 3 метрге жуық. Құрылыс Астана - Қорғалжын республикалық автожолының учаскесін су басудан қорғайды, сондай-ақ Шевченко және Балқаш тоғандарын сумен қамтамасыз етеді.

Не болды?
Жексенбі күні кешкісін, 5 сәуірде Ақмола облысының Қорғалжын ауданында "Шөптікөл" бөгетінің дамбасы жарылды, ол Сабынды ауылынан солтүстікке қарай екі шақырым жерде орналасқан.
Куәгерлер Астана - Қорғалжын тасжолының бір бөлігін еріген қар суы шайып кеткенін хабарлады. Бұған жауап ретінде "ҚазАвтоЖол" өкілдері су ағыны Астана - Қорғалжын республикалық автожолының 75-шақырымынан өтіп жатқанын, алайда жолдың жүру бөлігіне су жайылмағанын мәлімдеді.

Кейінірек бөгеттегі қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан баяндады.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса