Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6 7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

“Көліктен есірткі табылған“: Астанада полициядан қашқан жүргізуші апатқа ұшырады

0

Астана полицейлері есірткі сақтады және таратты деген күдікпен 25 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Мән-жайы

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер Chery автокөлігін тоқтатты. Көлік жүргізушісі тоқтау туралы заңды талапқа бағынбай, қашып кетпек болған.

Қудалаудан қашқан ол тұрғын үйдің ауласына кіріп, тұрған екі көлікті соққан. Осыдан кейін ер адам көліктен шығып, жаяу қашпақ болған кезде оны полиция қызметкерлері ұстап алған.

Жүргізушіден не табылды?

Автокөлікті тексеру кезінде артқы орындықтан оқшаулағыш таспамен оралған, ішінде ұнтақ заты бар түйіншек табылды. Сараптама бұл салмағы шамамен 500 грамм болатын "Альфа-pvp" есірткісі екенін көрсетті.

Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Полиция есірткіге қатысты кез келген әрекет - сақтаудан бастап таратуға дейін - ауыр қылмысқа жататынын және ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғатынын ескертеді. Ведомство қашып құтылу, айғақтарды жою немесе жауапкершіліктен жалтару әрекеттері жағдайды одан әрі қиындатып, жазадан құтқармайтынын атап өтті.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса