Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Азия чемпионаты: жартылай финалда реванш өткізген отандасымыз айқын басымдықпен жеңіске жетті

0

Қазақстандық боксшы Дина Исламбекова бокстан Азия чемпионатының жартылай финалында өзбекстандық Олтина Сотимбаеваны жеңді, - деп хабарлайды Tengri Sport.

Жекпе-жек 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өтті.

Бірінші раундтан кейін үш төреші қазақстандық боксшыға басымдық берсе, екінші раундта бесеуі де Динаны қолдады.

Нәтижесінде жекпе-жек төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен қазақстандық спортшының айқын жеңісімен аяқталды.

Айта кетейік, боксшылар осыдан бір айдан аса уақыт бұрын Болгарияда өткен кіші әлем чемпионатының жартылай финалында кездескен болатын. Ол кезде төрешілердің шешімімен Өзбекстан өкілі басым түскен еді.

Еске сала кетейік, Исламбекова бокстан Азия чемпионатының жартылай финалына жеребе нәтижесінде бірде-бір жекпе-жек өткізбестен шыққан болатын.

Айта кетсек, бұған дейін Бақыт Сейдіш Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының финалына шыққан еді. Ол 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда 19 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионы, қытайлық Алимире Абудурейимуды жеңді.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса