Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде заманауи ғылым мен тарихтың тоғысқан маңызды іс-шарасы өтті. Университеттің Суперкомпьютер орталығының директоры Әмірхан Темірбаев қатысуымен «Тарихи ретроспектива және жасанды интеллект: Қазақстанның ХХ ғасырдағы демографиялық және әлеуметтік процестерін модельдеу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аталған жиынға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих факультетінің студенттері, магистранттары және 1 курс PhD докторанттары қатысты. Іс-шара барысында Әмірхан Темірбаев суперкомпьютерлік технологиялардың тарихи зерттеулердегі рөліне кеңінен тоқталып, жасанды интеллект арқылы демографиялық және әлеуметтік үдерістерді модельдеудің заманауи тәсілдерін түсіндірді. Ол тарихи деректерді өңдеу, болжау жасау және күрделі әлеуметтік өзгерістерді талдау бағытында жаңа мүмкіндіктер ашылып отырғанын атап өтті. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар тарапынан түрлі...