АҚШ пен Иран атысты екі аптаға тоқтатуға келісті. Бітімге келгенін әуелі Ақ үй жетекшісі Дональд Трамп жазды. Көп өтпей бұл ақпаратты ресми Тегеран да растап, Вашингтон қабылдаған 10 шартты жариялады. Израиль үкіметі де Трамп шешімін қолдайтынын айтты, бірақ «мәміле Ливанға қатысты емес» деді.