Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Ақтөбе - Жайсан тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды: видео

0
Ақтөбе - Жайсан автожолында ВАЗ-2115 пен Lada Granta көліктері соқтығысты. Оқиға орнынан түсірілген видео желіде тарады. Өңірлік полицияның баспасөз қызметі жол апатына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Instagram-парақшасының бірінде жол апаты орнынан түсірілген кадрлар жарияланды.

"Ақтөбе – Мәртөк тасжолында бүгін түнде жантүршігерлік жол апаты болды", – делінген жазбада.

Полиция не дейді?
Жол апатына өңірлік полицияның баспасөз қызметі пікір білдірді. Апат 10 сәуірде шамамен сағат 23:00-де Ақтөбе - Жайсан автожолында болған.

"Жол апаты ВАЗ-2115 және Lada Granta автокөліктері соқтығысты. Апат салдарынан ВАЗ-2115 көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Ал Lada Granta көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді", – деп хабарлады полиция.













Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АКТОБЕ СЕРГЕК | AQTOBE SERGEK (@aqtobe_sergek)


Бұл дерек бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Сондай-ақ, түнде жылдамдықты асырмау, қарсы жолаққа шықпау және шаршаған не ұйқысы қанбаған күйде көлік тізгініне отырмау қажетін еске салды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса