Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Алматыдағы түнгі клубтан есірткі табылды

0

Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде есірткі сату дерегі тоқтатылды. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мән-жайы
Алматы прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткінің заңсыз айналымына байланысты әрекеттің жолын кесті.

"Соталды тергеп-тексеру аясында Медеу ауданындағы түнгі клубтардың бірінің қызметкері ұсталды. Ол сатып алушыға "гашиш" сатқан", – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, мекемені тексеру кезінде ұнтақ тәрізді қалдықтар мен ішінде ақ түсті заты бар зип-пакет табылғаны нақтыланды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу жалғасып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Ішкі істер министрлігі кәмелетке толмағандардың есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстарға тартылуы көбейгеніне байланысты ата-аналарға үндеу жасаған болатын. Жасөспірімдерге әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы есірткі жасырушы ретінде "жеңіл табыс" ұсынылады. Жыл басынан бері елде есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар 23 жасөспірім ұсталған. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе көп.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса