Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

БАҚ: Каспий аумағында бір күнде үш рет жер сілкінді

0

12 сәуір күні Каспий теңізі аумағында үш рет жер сілкінді, деп жазды қазақстандық "Курсив" онлайн басылымы.

Ол келтірген Әзербайжан ұлттық ғылым академиясы жанындағы республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, өткен жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 00:47, 22:46 және 23:45 кезінде үш рет жерасты дүмпуі тіркелген. Екеуінің магнитудасы 3,2 болса, үшінші дүмпудікі – 4,6 болған.

Қазақ ұлттық деректер орталығы жариялаған ақпарат бойынша, кейінгі жерасты дүмпуінің магнитудасы mb=4,6, ал энергетикалық класы K=11,7, ал сілкініс ошағы жер бетінен 65 километр тереңде болған.

Адамдар зардап шеккені я дүние-мүлікке зиян келгені туралы ақпарат түспеген.

Бұған дейін, 8 сәуір күні Астана уақытымен сағат 14:05-те Каспий теңізі аумағында жер сілкінген еді, деп жазды басылым.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса