Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

“Халықаралық жүйені өте жақсы білетін әлемдік көшбасшылардың бірі“ - Чавушоғлы Тоқаев туралы

0

Анталия дипломатиялық форумының панелдік сессиясына Түркия Парламентінің депутаты, бұрынғы сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиядағы тәжірибесінің мол екеніне назар аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ақордаға сілтеме жасап.

"Президент Тоқаев – халықаралық жүйені, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымын өте жақсы білетін әлемдік көшбасшылардың бірі. Ол БҰҰ Бас хатшысының орынбасары лауазымында қызмет еткенін білесіздер. Сол уақытта мен Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясының төрағасы болдым. Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас Қазақстан халқының игілігі жолында аянбай еңбек ете жүріп, халықаралық жүйенің тиімділігін барынша арттыруға үлес қосып келеді", – деді модератор.

Айта кетейік, бүгін, 17 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының "Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties" панелдік сессиясына қатысты. Іс-шараны Түркия Парламентінің депутаты, бұрынғы сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы жүргізді.
Іс-шара барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылы жаһандық қауымдастық алдында тұрған негізгі үрдістер және жақын болашаққа арналған халықаралық күн тәртібін қалыптастыру туралы өз көзқарасын бөлісті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса