Канелоның келесі қарсыласы мен жекпе-жек күні белгілі болды
Әлемге әйгілі мексикалық боксшы, бес салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы Сауль Альварес қыркүйекте WBC титулы үшін жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Tengri Sport тілшісі The Ring-ке. сілтеме жасап.
Дереккөз мәліметінше, мексикалық бокс аңызы Сауль "Канело" Альварес 13 қыркүйекте "Mexico vs The World" турнирінде жұдырықтасуды жоспарлап отыр.
Канелоның ықтимал қарсыласы WBC нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы қазіргі әлем чемпионы Кристиан Мбилли болады деп күтіледі.
"Бір айдың ішінде нақтылануы тиіс": екінші орта салмақтағы WBC чемпионы Кристиан Мбилли мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек жуырда жарияланады➡️ https://t.co/ZeshzG5v5T pic.twitter.com/MrmYHwuk1Q
— L'Équipe (@lequipe) 27 сәуір, 2026 жыл
Айта кетейік, ықпалды промоутер, Сауд Арабиясының ойын-сауық істері жөніндегі бас басқармасының төрағасы Турки Аль аш-Шейх те Канелоның рингке қыркүйекте оралатынын мәлімдеген болатын.
Альварестің оралуы оның алғашқы Canelo Promotions промоутерлік компаниясы аясында жоспарланып отырғаны хабарланған.
‼️ ШҰҒЫЛ: Канело қыркүйекте оралады ‼️Мәртебелі Турки Алалших Сауль Альварестің 12 қыркүйекте Эр-Риядта өзінің Canelo Promotions туы астында өтетін «Mexico against The World» кешінде өнер көрсететінін хабарлады ???? pic.twitter.com/d2objGc2yp
— Ring Magazine (@ringmagazine) 15 қаңтар, 2026 жыл
Канело соңғы жекпе-жегінде абсолютті чемпион мәртебесінен айырылды
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі заманның ең үздік боксшыларының бірі былтыр жеңілмеген америкалық Теренс Кроуфордпен абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасып, төрешілер шешімімен есе жіберген еді.
Көпшілік үшін бұл нәтиже сенсация болды, өйткені америкалық боксшы қарсыласынан үш жас үлкен және бұл текетіресте фаворит саналмаған еді.
