Қытайлық отбасы қария қайшымен қиып тастаған 21 мың доллар ақшаны үш ай бойы желімдеп, қалпына келтірген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда жасы келіп қалған бір қарт жүз қырық мың юаньді ($21000) майдалап кесіп тастайды. Таяуда ғана үйін 200 мың юаньға сатқан қария ұлының қолында тұру үшін көшіп барған екен. Қомақты соманы ол өз бөлмесінде тығып ұстаған.
