“Жылап алдым“: Неймар Әлем чемпионатындағы дебютінен кейін эмоцияға берілді
Атақты бразилиялық футболшы 980 күннен кейін алғаш рет ұлттық құрама сапында алаңға шықты.
Неймар ӘЧ-2026 аясындағы Шотландияға қарсы ойынның 76-минутында алаңға қосылды. Ойыннан соң ол киім ауыстыратын бөлмеде көзіне жас алғанын айтты.
"Иә, мен киім ауыстыратын бөлмеде жылап алдым. Еліме көмектесуге мүмкіндік бергені үшін Құдайға алғыс айтамын, өте бақыттымын", - деп келтіреді Неймардың сөзін инсайдер Фабрицио Романо.
???????????? Неймар: «Иә, киім ауыстыратын бөлмеде жылап алдым. Өз еліме көмектесе алғаным үшін Құдайға ризамын, мен өте бақыттымын». pic.twitter.com/nD8JbtXb52— Fabrizio Romano (@FabrizioRomano) June 25, 2026
Еске сала кетейік, командалар 25 маусымға қараған түні Майамидегі (АҚШ) "Хард Рок" стадионында кездесті. Бразилия құрамасы 3:0 есебімен жеңіске жетті. Бразилиялықтар сапында жартылай қорғаушы Винисиус Жуниор (дубль) мен шабуылшы Матеус Кунья гол соқты.
Осы жеңістің арқасында Бразилия құрамасы 7 ұпай жинап, өз тобында бірінші орынға шықты.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Жарияланым: CBF • Seleção Brasileira de Futebol (@brasil)
Матчтың үздік ойыншысы болып мадридтік "Реалдың" және Бразилия құрамасының вингері Винисиус Жуниор танылды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Жарияланым: CBF • Seleção Brasileira de Futebol (@brasil)
Қазақстандық клуб ойыншысы тарихта алғаш рет ӘЧ-2026 плей-офф кезеңіне шықты
