Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Apple-дің ең қымбат ноутбугі бұрынғыдан қолжетімсіз бола түсті

0

Apple компаниясы ең қуатты ноутбуктерінің бағасын тағы көтерді. Енді MacBook Pro-ның үздік нұсқасының құны алғаш рет 10 мың доллардан асты, деп хабарлайды Tengri Life тілшісі ixbt.com-ға сілтеме жасап.

Кейінгі қымбаттаудан кейін MacBook Pro-ның максималды конфигурациясы 10 000 доллар болса, экранның қорғаныш жабынының басқа түрімен жабдықталған нұсқасы 10 150 доллар тұрады.

Жақында болған қымбаттауға дейін бұл ноутбук шамамен 9200 долларға бағаланған еді. Осылайша, бағаның кейінгі екі кезеңдегі өсімі нәтижесінде оның құны 3000 долларға немесе 40 пайыздан астамға көтерілді.

Ең қымбат нұсқаның сипаттамасы қандай?

Сөз M5 Max чипіне негізделген ең өнімді MacBook Pro нұсқасы туралы болып отыр. Ноутбук 128 гигабайт жедел жадпен және 8 терабайт SSD-жинақтағышпен жабдықталған.

Мұндай жоғары баға негізінен қымбат құрамдас бөліктерге, ең алдымен жедел жад пен кіріктірілген жинақтағыштың үлкен көлеміне байланысты. Сондықтан үздік конфигурацияның құны желідегі базалық модельдерден айтарлықтай ерекшеленеді.

Мұндай MacBook кімдерге арналған?

Құнының жоғары болғанына қарамастан, мұндай конфигурациялар пайдаланушылардың тар шеңберіне арналған. Бұл, ең алдымен, бейнемонтаждаумен, 3D-графикамен, жасанды интеллектпен және басқа да ресурстарды көп қажет ететін тапсырмалармен айналысатын мамандар.

Бұған дейін Apple кейбір MacBook, iPad және басқа да құрылғылар бағасын көтерді. Компания мұны жад чиптері мен жинақтағыштар құнының күрт өсуімен түсіндірді.

Тағы оқыңыз: “Арзан“ айфондар дәуірі бітті ме: Apple гаджеттері теңгемен қанша тұрады?




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса