Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

“Қайраттың“ Чемпиондар лигасындағы келесі қарсыласы анықталды

0
Бүгін, 20 шілдеде Женевада (Швейцария) алматылық "Қайраттың" қатысуымен Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Tengri Sport.
Чемпиондар лигасының осы маусымындағы Қазақстанның жалғыз өкілі екінші кезеңге өтіп үлгерді. Енді бұл кезеңнен сәтті өтсе, анықталған үшінші айналымдағы қарсыласпен кездеседі.
Кипрдің "Омониясын" жеңген жағдайда, алматылықтар "Левски" (Болгария)/"Университет Крайова" (Румыния) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Еске сала кетейік, іріктеудің бірінші кезеңінде алматылықтар Черногорияның "Сутьескасын" (4:1) айқын басымдықпен жеңген болатын.
Екінші кезеңнің матчтері 22 және 29 шілдеде өтеді. "Қайрат" алғашқы ойынын қонақта өткізеді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

«Қайрат» ФК | FC Kairat Almaty (@f.c.kairat) жарияланымы


Айта кетейік, еурокубоктарда "Қайраттан" бөлек, Қазақстан атынан қостанайлық "Тобыл" да сынға түсіп жатыр. Ол өз жолын Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінен бастайды.
Еуропадағы Қазақстанның қалған екі өкілі – "Астана" мен "Елім-ай" бірінші кезеңде албаниялық "Динамо Сити" мен армениялық "Алашкерттен" жеңіліп, жарыс жолын аяқтады.
Бұған дейін Қазақстандық вингер Дастан Сәтбаев лондондық "Челси" сапындағы алғашқы жаттығуларынан кейін физикалық дайындығымен британдық медианы таңғалдырды. Оны қазірдің өзінде ағылшын футболының жұлдызы Джек Грилишпен салыстырып жатыр.
Ал 15 жасар қазақстандық Кәрім Мендіқанов атақты испаниялық "Барселона" клубымен келісімшартқа отырды.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса