Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29
30
31

Алматылық тұрғын 84 жастағы әжейді тонаған ер адамды ұстады

0

Алматыда 84 жастағы зейнеткерді тонады деген күдіктіні ұстауға көмектескен 25 жастағы жергілікті тұрғын марапатталды. Ерлігі мен азаматтық ұстанымы үшін оған алғыс хат пен естелік сыйлық табысталды, - деп хабарлайды Tengri Life тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға адам көп жүретін көшеде болған
Полиция мәліметінше, шабуыл 20 шілдеде кешке Төле би мен Саин көшелері қиылысында болған. Тергеу болжамы бойынша, белгісіз ер адам 84 жастағы әйелге тап беріп, бетінен ұрған және ішінде ақшасы мен ұялы телефоны бар сөмкесін жұлып алып, қашып кетпек болған.
Оқиғаға 25 жастағы Роман куә болған. Ол еш ойланбастан, басқа да куәгерлермен бірге күдіктінің соңынан ұмтылып, полиция келгенше оны ұстап тұрған. Тергеу барысында шабуыл жасаушы кім екені анықталды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалған, тонау дерегі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"Кез келген адам араша түсуге дайын емес"
Полиция өкілдері куәгерлердің дер кезінде әрекет етуі арқасында күдікті қаша алмағанын атап өтті. Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Мендебаев алматылық тұрғынға батылдығы үшін алғыс айтып, мұндай іс-әрекеттер құрметке лайық екенін жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін полицейлер зейнеткерді телефон алаяқтарынан құтқарып қалған курьерді марапаттаған болатын. Ер адам күмәнді жайтты байқап, полицияға хабар берген және 3 мың доллардың ұрлануына жол бермеген.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса