Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Моджтаба Хаменеи бес айдан соң алғаш рет жұрт алдына шықты

0

Иранның Mehr ақпарат агенттігі елдің рухани көсемі аятолла Моджтаба Хаменеидің видеосын жариялады. Ол бес айға жуық уақыт бойы көпшілік алдына шықпаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
БАҚ таратқан видеода Хаменеи бірнеше адамның ортасында отыр. Олардың студенттер болуы мүмкін. Кадрдағы көрініс діни дәріске ұқсайды.

Алайда видеоның нақты қашан түсірілгені белгісіз.
Еске салайық, соғыс басталғалы Хаменеи бірде-бір рет көпшілік алдына шыққан жоқ. Америкалық БАҚ Иранның аты-жөні аталмаған бірнеше шенеунігіне сілтеме жасап, шабуыл кезінде оның ауыр жараланғанын хабарлаған еді. Олардың мәліметінше, Хаменеи бірнеше рет ота жасатқан, ал денесін қатты күйік шалғандықтан сөйлеуі қиындаған.
Пентагон басшысы Пит Хегсет Хаменеидің "бет-әлпеті қатты зақымданған болуы мүмкін" деп мәлімдеді. Алайда Тегеран бұл ақпаратты растаған жоқ. Қызметіне кіріскелі бері оның барлық мәлімдемесі тек жазбаша түрде жарияланып келеді.
Биыл маусымда Моджтаба Хаменеи екі мыңнан астам сотталған адамға рақымшылық жасау немесе жазасын жеңілдету туралы бұйрық берді. Оның бұл шешімін Иранның ақпарат агенттігі жариялады.
Шілдеде Иранның рухани көшбасшысы аятолла Моджтаба Хаменеи Иран халқына үндеу жолдады. Онда ол АҚШ пен Израиль бастаған соғыста қаза тапқан әкесі Әли Хаменеи мен басқа да құрбандар үшін елдің кек алатынын мәлімдеді.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса