Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстандықтарға маңызды хабарламалар келеді: ОСК мерзімін атады

0
Жақын күндері қазақстандықтарға алдағы Құрылтай депутаттарының сайлауы туралы eGov Mobile, банктік қосымшалар және SMS арқылы хабар беріле бастайды. Хабарландыру қашан келетіні туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавкат Өтемісов айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
12 тамызда ОСК-да өткен брифингте журналист сайлаушыларды хабардар ету үшін дәстүрлі әдістерден бөлек қандай цифрлық құралдар қолданылатынын сұрады.
Өтемісовтің айтуынша, қазақстандықтарға бірнеше хабарлама жіберіледі:

eGov Mobile - 11 және 17 тамызда push-хабарлама;
Kaspi және Halyk - 12 және 19 тамызда хабарлама;
Байланыс операторларынан SMS - 14 және 21 тамызда.


"Осылайша, азаматтарды цифрлық хабардар ету eGov Mobile қосымшасындағы push-хабарлама, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы келетін хабарлама, сондай-ақ байланыс операторлары көмегімен SMS-хабарлама арқылы жүзеге асырылады", - деді Шавкат Өтемісов.

Еске сала кетейік, Құрылтай депутаттарының сайлауы 2026 жылғы 23 тамызда өтеді. Қазақстандықтар өз сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын арнайы онлайн-сервистер, сондай-ақ eGov Mobile қосымшасы арқылы алдын ала біле алады.
Тағы оқыңыз: Құрылтай сайлауы: дауыс беретін учаскеңізді қалай табуға болады?



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса