Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстанда екі жаңа мемлекеттік награда пайда болады

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Шәмші Қалдаяқов" медалі мен "Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі" құрметті атағын мемлекеттік наградалар тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол мәдениет пен өнер ұлттық болмысымыздың берік тірегі екенін атап өтті.

"Сондықтан жаңа Ата заңда төл мәдениетімізді жан-жақты қолдау мемлекеттің конституциялық міндеті ретінде бекітілді. Осы ретте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар тізіміне "Шәмші Қалдаяқов" медалі мен "Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі" құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Айбек Смадияров бұл марапаттар ұлттық мәдениеттің дамуына, соның ішінде музыка мен бейнелеу өнеріне елеулі үлес қосқан азаматтарға берілетінін нақтылады.
Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар қоғам қайраткерін мемлекеттік наградалармен марапаттаған. Атап айтқанда, Ақордада Президент көрнекті суретші Батима Заурбековаға "Отан" орденін, белгілі әдебиеттанушы Тұрсын Жұртбайға I дәрежелі "Барыс" орденін табыстады. Сондай-ақ, мемлекет қайраткері Александр Судьин II дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды.
Белгілі актер әрі театр режиссері Нұрқанат Жақыпбайға "Қазақстанның халық әртісі" атағы, ал аграрлық сала ардагері Виктор Хильниченкоға "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағы берілді.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса