Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Каспий теңізінде үш ер адам құтқарылды. Іздеуге тікұшақ жұмылдырылды

0
Каспий теңізінде үш ер адам құтқарылды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Үрлемелі қайықпен теңізге шыққан"
Ведомство мәліметінше, кеше кешке 112 пультіне Жаңаөзеннің үш тұрғыны жоғалып кеткені туралы хабар түскен. Алдын ала дерек бойынша, олар бұдан шамамен екі сағат бұрын "Кендірлі" демалыс базасы маңынан үрлемелі қайықпен теңізге шыққан.

"Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ мен ҰҚК Шекара қызметінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Іздеу барысында құтқарушылар жағалауға қарай өз күшімен жүзіп келе жатқан ер адамдардың бірін тапты. Оны бортқа шығарып, жағаға жеткізді", – деп хабарлады баспасөз қызметі.


Қалған екі адамды іздестіру жұмыстары түнде жалғасты. Қараңғылық пен іздеу аумағының кеңдігі құтқарушылардың жұмысын қиындатқан.

"Іздеу жұмыстары төрт секторға бөлініп, әр бағыт бойынша жүргізілді. Құтқарушылар теңіз айдынының 20 шақырымнан астам бөлігін тексеріп, әуеден 70 шақырымнан астам аумақты шолып шықты. Ер адамдарды жағалаудан 10 шақырым жерде іздеу тобы тапты", – деп нақтылады ведомство.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ күштері, ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері және еріктілер жұмылдырылды. Сондай-ақ, іздеу кезінде "Қазавиақұтқару" тікұшағы мен ТЖМ дроны пайдаланылды.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса