Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Алматыда аптап, Астанада жаңбыр: синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

0

Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астана

17 тамызда көшпелі бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, күндіз екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +11…+13 градус, күндіз +21…+23 градус болады.

18 тамыз: көшпелі бұлтты болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7–12 метр, күндіз екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +8…+10 градус, күндіз +20…+22 градус болады.

19 тамыз: көшпелі бұлтты болады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр болады. Ауа температурасы түнде +8…+10 градус, күндіз +22…+24 градус болады.

Алматы

17 тамызда көшпелі бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде +21…+23 градус, күндіз аптап ыстық — +33…+35 градус болады.

18 тамыз: көшпелі бұлтты болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде +20…+22 градус, күндіз +31…+33 градус болады.

19 тамыз: көшпелі бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде +18…+20 градус, күндіз +31…+33 градус болады.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса