Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Алматы әкімдігі су жаппай өшірілетіні туралы қауесетке қатысты жауап берді

0

Мессенджерлер мен чаттарда 22-23 тамыз күндері су жаппай өшеді деген ақпарат тарады. Tengri Home тілшісі түсініктеме алу үшін "Алматы Су" мекемесі мен қала әкімдігіне хабарласты.
Аудиожазбада не айтылған?
Хабарлама авторы демалыс күндері Алматының бірнеше ауданында су болмайтынын алға тартады. Оның айтуынша, шектеу екі күн бойы 10 сағаттан жалғаспақ.

"Су жинап алыңыздар. Сенбі және жексенбі күндері су болмайды. Алматының алты ауданында: Наурызбай, "Алтын Орда" мен "Апорт" маңы, Алатау, Алмалы, Медеу, Жетісу аудандарында су өшеді. Екі күн бойы 10 сағаттан су болмайды", – делінген аудиожазбада.

Аудиожазба қалалық чаттар мен мессенджерлерде тез тарап кетті.
Жоспарлы өшірулер болмайды: "Алматы Су" жауабы
"Алматы Су" МКК таралған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады. Қаланы сумен қамту жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы алдағы демалыс күндері су жаппай өшеді деп тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Алматыда су беру штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр", – деп хабарлады ұйым өкілдері.

Кәсіпорын мәліметінше, алдағы екі аптада абоненттерді суық судан ажырататын жоспарлы жұмыстар қарастырылмаған.
"Алматы Су" қала тұрғындарын тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.
Алматы әкімдігі де Tengri Home басылымына мессенджерлердегі жаппай су өшіру туралы ақпараттың фейк екенін растады.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса