Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Жетісу тауларындағы өрт әуеден сөндіріліп жатыр: видео

0
Жетісу облысының Алакөл ауданында жету қиын әрі биік таулы аймақта құрғақ шөптің жануын сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, жер бедерінің күрделілігі мен кейбір учаскелерге жетудің қиындығы өрт сөндірушілердің жұмысын қиындатып отыр. Құтқарушылар жекелеген өрт ошақтарын жойып, тілсіз жаудың әрі қарай таралуына жол бермей жатыр.

Өртті сөндіруге ТЖМ, орман шаруашылығы және жергілікті атқарушы органдардың 52 қызметкері мен 11 техникасы жұмылдырылды. Таулы аймаққа ҰҚК Шекара қызметінің және ТЖМ "Қазавиақұтқару" авиациясы тартылды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жарияланымы (@112kz_)


Әуеден 11 рет жалпы көлемі 33 тонна су төгілді.
ТЖМ ақпараты бойынша, елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдай ведомствоның бақылауында.
Бұған дейін Қарағанды облысының Шет, Ақтоғай, Бұқар Жырау және Қарқаралы аудандарында дала өрті тіркелген болатын. Өртті оқшаулау мен жоюға, елдімекендерді қорғауға ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды. Төтенше жағдай орнына жеке құрамның 620 қызметкері мен 134 техника жіберілді.
Сәрсенбі, 19 тамызда ТЖМ өрт оқшауланғанын, яғни оның таралуы тоқтатылғанын хабарлады.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса