Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирден бас тартқаннан кейін қанша табыс тапты?

0
Қазақстандық әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннатидегі турнирде шамамен 70 миллион теңге табыс тапты, деп хабарлайды Tengri Sport WTA баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Рыбакина жарақатына байланысты польшалық Ига Швёнтекке қарсы кездесуді соңына дейін өткізе алмады. Ойын 1:4 есебімен қарсыластың пайдасына шешіліп жатқан тұста тоқтатылды. Қазақстандық теннисші үшін турнир ширек финал сатысында аяқталды.
Турнир регламентіне сәйкес, ширек финалға шыққаны үшін Рыбакина салықтарды шегергенге дейін 154 мың 210 доллар немесе 70 миллион теңге алады.
Рыбакина турнир қорытындысы бойынша әлемнің бірінші ракеткасы атануы мүмкін еді
Беларусьтік әлемнің үздік теннисшісі Арина Соболенко Цинциннати турнирінің 1/8 финал сатысында ұтылғаннан кейін, Рыбакинаға әлемдік рейтингте оның алдын орау үшін екі жеңіске жету қажет болды.
Рыбакинаның әлемнің бірінші ракеткасы атануға келесі мүмкіндігі АҚШ ашық чемпионатында (US Open) болады. Онда қарсыласына өткен жылғы чемпиондық атағы үшін жинаған ұпайларын қорғау керек.
Үлкен дулыға турнирінің басталуына қарай Рыбакинаның рейтингтегі Соболенкодан қалуы 434 ұпайды құрайды. Осылайша, тіпті беларусьтік теннисші турнирде жеңіске жеткен күннің өзінде, қазақстандық спортшыға әлемнің бірінші ракеткасы атану үшін жартылай финалға шығу жеткілікті болады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Elena Rybakina ???? (@lenarybakina) жариялаған жазба


Елена Рыбакинаның жарақаттары
2024 жылы Рыбакина түрлі жарақаттары мен өзге де денсаулық мәселелеріне байланысты 11 турнирге қатыса алмады.
Өткен жылы жарақаттар саны азайғанымен, арқасындағы мәселелерге байланысты Рыбакина жиі жайсыздық сезінді. Asutralian Open кезіндегі теннисші түскен видео оның көптеген жанкүйерін алаңдатқан болатын.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Tengri LIVE (@tengri.live) жарияланымы


2026 жылғы маусымда Рыбакина оң жақ жамбас тұсындағы мәселеге байланысты Гамбургтегі (Германия) турнирден бас тартқан еді.
Цинциннатидегі (АҚШ) WTA 1000 турнирінің ширек финалында қазақстандық Елена Рыбакина жарақат алып, матчті жалғастырудан бас тартты. Кездесуден кейін ол бұл мәселенің өзін көптен бері мазалап жүргенін, бірақ бұған дейін ауырсынуды бақылауда ұстап келгенін айтты.
Теннисшінің айтуынша, матчтердің тығыз кестесіне байланысты ауырсыну сезімі қайта күшейген. "Маған жүрудің өзі ауыр", - деп атап өтті Рыбакина.
Ол өзінің денсаулық жағдайы туралы толық ақпарат МРТ тексеруінен кейін белгілі болатынын айтты.
Рыбакина жарақатына байланысты Цинциннатидегі турнирден шығып қалды



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса