Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Төбелес, пышақ және қорыққан жолаушылар: Алматыда полиция автобуста жанжал шығарғандарды ұстады

0
Алматыда автобус жолаушылары арасындағы жанжал төбелеске ұласып, соңында қатысушылардың бірі пышақ шығарды. Полиция үш күдіктіні анықтап, ұстады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Автобустағы жанжалӘлеуметтік желілерде бағыттық автобус ішіндегі ер адамдар арасындағы төбелес бейнеленген видео тарады. Куәгерлердің айтуынша, кадрлар 20 тамызда Түрксіб ауданындағы № 33 бағытта түсірілген.
Бейнежазбада екі ер адамның сөзге келіп қалғаны, артынан оның төбелеске ұласқаны көрінеді. Мұның бәрі жолаушылардың, соның ішінде әйелдер мен балалардың көзінше болған. Бір сәтте жанжалға үшінші ер адам араласып, қатысушылардың біріне пышақпен тап беріп, жолаушылардың зәресін одан әрі ұшырған.
Жанжалдың одан әрі ушығуына жүргізуші жол бермеді: ол салонға шығып, екі ер адамды автобустан сыртқа шығарып жіберген.Іс қозғалды
Алматы полиция департаменті оқиғаға қатысты жауап беріп, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Алматы қаласының ПД жарияланымы (@almaty.police)


ПД өкілдері жанжалға қатысушылардың іс-әрекетіне құқықтық баға берілетінін айтты. Сондай-ақ баспасөз қызметі мұндай агрессивті әрі қоғамға қауіпті мінез-құлыққа жол берілмейтінін баса айтты.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса