Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23
24
25
26
27
28
29
30
31

Алматыда сайлау қалай өтіп жатыр?

0
Алматыда 23 тамыздың таңы, Құрылтай депутаттарын сайлау күні, белсенді басталды. Кейбір сайлау учаскелеріне қала тұрғындары таңғы сағат 07:00-де есік ашылған сәттен-ақ келе бастаған. Мектептер, жоғары оқу орындары мен өзге де ғимараттарда орналасқан учаскелердің алдында кезек пайда болды. Бұл туралы "Менің таңдауым" жастар коалициясы хабарлады.
Қоғамдық бірлестіктің мәліметінше, Гоголь көшесі, 114 мекенжайындағы Қыздар университетінің ғимаратында орналасқан №102 сайлау учаскесіне ашылғанға дейін-ақ 150-ге жуық адам жиналған. Таңғы уақыт әрі демалыс күні болғанына қарамастан, алматылықтар алғашқылардың бірі болып дауыс беруге келген. Мұндай белсенділік қаланың өзге аудандарында да байқалады.


"Таңертең ерте келуді ұйғардық. Бүгін демалыс, алда күнді отбасымызбен өткізгіміз келеді. Бірақ ең алдымен дауыс беруді маңызды деп санадық. Бұл – өз ұстанымыңды білдірудің мүмкіндігі. Сондықтан кешке дейін қалдырмадық", – деді Алматының Медеу ауданының тұрғыны Шара Тұңғанова.

Сайлау учаскелерінің бірінде Құрманғазы атындағы оркестр өнер көрсетіп отыр. Қала тұрғындары үшін музыкамен таңғы жаттығу ұйымдастырылып, үй тағамдары мен қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі ашылған. Сондай-ақ, Алматы туралы картиналар мен кітаптар көрмесі, шахмат және кофе аймақтары жұмыс істейді.

Өзге де учаскелерде, соның ішінде №138 учаскеде дауыс беру ерекше ұйымдастырылған. Мұнда күн музыкамен сүйемелденген жаппай таңғы жаттығудан басталды. Кейінірек тұрғындар үшін волейбол, баскетбол, тоғызқұмалақ, асық ату және арқан тартудан жарыстар, сондай-ақ концерттік бағдарлама жоспарланған. Учаскеде екі мыңнан астам дауыс беруші тіркелген, оның ішінде 32 жас алматылық алғаш рет дауыс беріп жатыр.

"Жас сайлаушылар үшін біз естелік кәдесыйлар дайындадық. Күн бойы спорттық жарыстар мен тұрғындардың шығармашылық өнерлері де көрсетіледі", - деді №138 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Зәуреш Әтенова.


Жастар коалициясының мәліметінше, таңертеңнен бастап учаскелерге келгендер арасында түрлі жастағы адамдар бар. Көбі отбасымен, достарымен және әріптестерімен келіп жатыр.

"Мен үшін сайлау - ең алдымен жеке жауапкершілік. Елдің болашағын қалай елестететінімізді ұзақ талқылауға болады. Бірақ сол болашақты қалыптастыруға өзіңнің де атсалысуың маңызды. Сондықтан бүгін отбасымызбен бірге келдік", - деп бөлісті Жетісу ауданының тұрғыны Ботагөз Құдышева.

Сондай-ақ, Алматыда Құрылтай сайлауында дауыс беру күні сайлау учаскелерінің қасында интерактивт шаралар ғана емес, мектеп және азық-түлік жәрмеңкелері де өтіп жатыр. Олар жаңа оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылған. Осылайша, қала тұрғындары дауыс беруге келгенде отбасы қажетіне керек-жарағын да сатып ала алады.

Коалиция өкілдерінің айтуынша, кейбір учаскелерде адам көп болғанымен, дауыс беру қалыпты әрі ұйымдасқан түрде өтіп жатыр. Алматыдағы сайлау учаскелері күні бойы жұмысын жалғастырады.
Фото: "Менің таңдауым" жастар коалициясы



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса