Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28
29
30
31

Шок пен қуаныш: қазақстандық футболшы ЧЛ-де “Барселонаға“ қарсы ойнайды

0
Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов өнер көрсететін әзербайжандық "Сабах" клубы футболшылардың Чемпиондар лигасындағы қарсыластарына қатысты реакциясы бейнеленген видеоны жариялады, деп хабарлайды Tengri Sport.
Бұған дейін әзербайжандық "Сабах" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында лондондық "Арсенал" мен каталониялық "Барселонаға" қарсы матчтер өткізетіні анықталды. "Сабахтың" баспасөз қызметі әлеуметтік желілерінде футболшылардың жеребе қорытындысын қалай қабылдағаны туралы видео жариялады. Ойыншылар алдағы уақытта кездесетін клубтарды көргенде, қуана айқайлап, тойлай бастады. Кадрға қазақстандық қақпашы Стас Покатилов та түсіп қалды, ол да әріптестерімен бірге бұл сәтке ерекше тебіреніспен қарады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Sabah FC (@sabahfc) жарияланымы



Қазақстандық футболшы Чемпиондар лигасында "Арсенал" мен "Барселонаға" қарсы ойнайдыЕске сала кетейік, клуб тарихында тұңғыш рет Әзербайжанның "Сабах" клубы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде ойнайды. Команда капитаны - қазақстандық қақпашы Стас Покатилов.
Оның командасы Израильдің "Хапоэліне" қарсы ойында ерледі және іріктеу кезеңі арқылы турнирдің негізгі сатысына жолдама алды.
"Сабахтың" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі қарсыластары мыналар болмақ: "Барселона" (Испания), "Арсенал" (Англия), "Боруссия" (Германия), "Манчестер Юнайтед" (Англия), "Наполи" (Италия), "Вильярреал" (Испания), "Славия" (Чехия) және "Викинг" (Норвегия).












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Sabah FC (@sabahfc) жарияланымы


Бұдан бөлек, Покатилов үш түрлі командамен еурокубоктардың үш түрлі негізгі кезеңіне шыққан алғашқы қазақстандық футболшы атанды. 2013 жылы ол қарағандылық "Шахтермен" Еуропа лигасына дейін жетсе, 2021 жылы "Қайрат" сапында Конференция лигасында өнер көрсетті. Ал енді әлемнің үздік командаларына қарсы Чемпиондар лигасында бағын сынауға мүмкіндік алды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

SP 1 (@staspokatilov) жарияланымы


2026/27 маусымын: не білу керек?

Бірінші тур: 2026 жылғы 8-10 қыркүйек;
Екінші тур: 2026 жылғы 13-14 қазан;Үшінші тур: 2026 жылғы 20-21 қазан;
Төртінші тур: 2026 жылғы 3-4 қараша;
Бесінші тур: 2026 жылғы 24-25 қараша;
Алтыншы тур: 2026 жылғы 8-9 желтоқсан;
Жетінші тур: 2027 жылғы 19-20 қаңтар;
Сегізінші тур: 2027 жылғы 27 қаңтар.

Жалпы кезеңнің қорытындысы бойынша турнирдің плей-офф кезеңіне 24 команда шығады. Алғашқы сегіздік жеңіліп қалса шығып кететін ойындарды 1/8 финалдан бастаса, 9-дан 24-орынға дейінгі командалар өзара түйісу матчтерінде ойнайды.

Түйісу матчтері: 2027 жылғы 16-17 және 23-24 ақпан;1/8 финал: 2027 жылғы 9-10 және 16-17 наурыз;
Ширек финалдар: 2027 жылғы 6-7 және 13-14 сәуір;
Жартылай финалдар: 2027 жылғы 27-28 сәуір және 4-5 мамыр;Финал: 2027 жылғы 5 маусым.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

UEFA Champions League (@championsleague) жарияланымы


Бұған дейін Конференция лигасының негізгі кезеңіне қатысатын 36 команда анықталды, мұнда алматылық "Қайрат" та өнер көрсетеді.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса