Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Август
2026

Алматы әуежайы маңында қою қара түтін көтерілді

0
30 тамыз, жексенбі күні түстен кейін Алматы әуежайы маңында көкке көтерілген қою қара түтін байқалды. Оқиға орнынан түсірілген видео мен фотоларды Tengrinews.kz редакциясына куәгерлер жолдады.





Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, қазіргі уақытта өртсөндірушілер Талғар ауданындағы Құлжа тас жолының бойында орналасқан пластикалық бұйымдар шығаратын цехтағы өртті сөндіріп жатыр.
Оқиға орнында өрт сөндіру бөлімшелері жұмыс істеп жатыр.

Өртке байланысты жедел штаб құрылды. Су үздіксіз беріліп жатыр, үш жауынгерлік учаске жұмыс істеп тұр. Өртті сөндіруге алты су оқпаны жұмылдырылған.
ТЖМ мәліметінше, 112 нөміріне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.
Өрттің шығу себебі мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса