Швейцарияда мыңдаған адам ғылым үшін іш киімдерін жерге көмген
Сараптама нәтижесіне сүйенсек, іш киімдердің шіру деңгейі жеріне қарай әртүрлі болған: кейбір жерлерде екі айдан кейін мата тек тесілген болса, енді бір жерлерде іш киімдерден тек жіптер ғана қалған.
Жекеменшік бақшаларға көмілген іш киімдердің матасы бәрінен де аз қалған: дәл осы жерлерде топырақ органикалық заттарға бай болып шықты - бұл шұбалшаңдар, саңырауқұлақтар, бактериялар және басқа да топырақ ағзалары үшін таптырмас жағдай.
Ең төмен биологиялық белсенділік көгалдарда анықталса, егістіктер мен шабындықтар орташа нәтиже көрсетті. Сонымен қатар бақшалардағы мақтаның тым қатты шіруі тыңайтқыштың шамадан тыс көптігін білдіруі мүмкін екенін зерттеушілер ескертті.
Ғалымдар қалың бұқараның назарын топырақ саулығына аудару үшін әдейі мақтадан жасалған іш киімдерді таңдап алған.
"Бұл күлкілі көрінгенімен, сонымен бірге топырақты зерттеудің тиімді әдісі", - деп атап өтті зерттеу жетекшілерінің бірі.
Жоба авторлары бұл бастаманың мақсаты - топырақ сапасының адамзат үшін аса маңыздылығын еске салу екенін атап өтті.
