Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Сентябрь
2026
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Балаларды қағаз жүзінде ғана емдеген: МӘМС-тен ондаған миллион теңге жымқырылған

0

Алматы облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатын заңсыз иемдену схемасы анықталды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан жалған медициналық қызметтер үшін 65,9 миллион теңге заңсыз алынған, деп хабарлайды Tengri Health облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Схема қалай жұмыс істеген?
Прокуратура мәліметінше, екі жекеменшік стоматологиялық клиниканың басшысы пациенттердің дербес деректерін пайдаланған. Медициналық ақпараттық жүйеге туа біткен патологиясы бар балаларға ортодонтиялық қызметтер көрсетілгені туралы жалған мәліметтер енгізіліп отырған.
Осы мәліметтер негізінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатынан төлемдер жүргізілген.
Салдарынан мемлекетке 65,9 миллион теңге шығын келтірілді.
Прокурорлық тексеру материалдары бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен қылмыстық іс тіркелді.

"Қонаев қалалық сотының үкімімен кінәлі тұлға сотталып, мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді", - деп хабарлады прокуратура.

Еске салсақ, бұған дейін ӘМСҚ әр өңірдегі 140 мыңға жуық қазақстандықты клиникаларға жалған тіркеу схемалары туралы хабарламадан кейін туындаған сынға жауап берген болатын. Қор өкілдері МӘМС қаражатының жұмсалуына бақылауды қалай күшейтуді жоспарлап отырғанын айтып берді.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса