Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Сентябрь
2026
1 2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Екі апта қалды: кімдер табысы мен мүлкі туралы есеп беруі керек?

0

2025 жылғы табысы мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) тапсыру мерзімінің аяқталуына тура екі апта қалды. Мемлекеттік кірістер комитеті декларацияны кімдер тапсыруы тиіс екенін, тексерістердің қашан басталатынын және салық қызметкерлері азаматтардың активтері туралы қандай мәлімет алатынын еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
270.00-нысаны бойынша декларация тапсыруға міндетті қазақстандықтар асығуы керек. 2025 жыл үшін есепті 2026 жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей ұсыну қажет.
2025 жылғы есептілік тиісті салық кезеңінде қолданыста болған Салық кодексінің ережелері бойынша ұсынылады. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексі осы жылдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

"2025 жылдың қорытындысы бойынша 270.00-нысанды декларацияны ұсыну мерзімі - 2026 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей, ал 2026 жылдың қорытындысы бойынша - 2027 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей", - деп нақтылады Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК).

Декларацияны кімдер тапсыруы қажет?
270.00-нысанды келесі тұлғалар тапсыруы тиіс:

мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайлары;
заңды тұлғалардың басшылары және олардың резидент-жұбайлары;
заңды тұлғалардың құрылтайшылары мен қатысушылары (жарғылық капиталдағы үлесі 10 пайыздан асатындар) және олардың резидент-жұбайлары;
банктердің, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, сондай-ақ олардың резидент-жұбайлары;
нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар;
шетелде мүлкі және шетелдік банктерде ірі шоттары бар тұлғалар;
цифрлық активтер иелері;
2025 жылы құны 20 мың АЕК-тен асатын мүлік сатып алған азаматтар;
өз бетінше салық салуға жататын кіріс алған қазақстандықтар;
жекелеген салық шегерімдерін қолданған азаматтар.

Декларацияны кімдер ұсынуы керек екені және онда қандай мәліметтер көрсетілетіні туралы толығырақ мына сілтемеден оқыңыз.
Тексерістер қашан басталады?
Есептілік ұсынылғаннан кейін салық органдары камералдық бақылау жүргізеді. 270.00-нысанын тапсырған азаматтар жеке санатқа бөлінбейді.

"Камералдық бақылау жүргізу кезінде салық органдары 270.00-нысанындағы декларацияны ұсынған жеке тұлғаларды жеке санатқа бөлмейді. Камералдық бақылау ешқандай ерекшеліксіз барлық тұлғаға қатысты жүргізіледі", - деп хабарлады МКК.

Салық қызметі қазақстандықтардың активтері туралы нені біледі?
Мүлік, табыс, міндеттемелер және салық салудың басқа да объектілері туралы мәліметтер МКК-ге декларациялар, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері және заңда қарастырылған басқа да көздерден түседі.
Салық органдарының иелігінде азаматтардың кірістері, қаражаттары, жылжымайтын мүлкі, көлігі, жер учаскелері, бағалы қағаздары, қатысу үлестері және басқа да активтері туралы жекелеген деректер болуы мүмкін.
Дегенмен, бұл мәліметтер әр адамның активтерінің жалпы құнының бірыңғай көрсеткішіне біріктірілмейді. Сондықтан МКК азаматтардың дәулеті, табысы, тұратын аймағы, жасы немесе жынысы бойынша рейтингтер жасамайды.
Комитет нақты жеке тұлғалар бойынша деректерді өз бетінше біріктіру мен бағалау ведомствоның ресми статистикасына жатпайтын жаңа көрсеткішті жасауды білдіретінін түсіндірді.
Декларацияны уақытында тапсырмаса не болады?
Декларацияны уақытылы тапсырмағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Алғашқы заңбұзушылық кезінде ескерту жасалады. Бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған - бұл 2026 жылы 64 875 теңге болады.
270.00-нысанды декларацияны электронды түрде, тұрғылықты жері бойынша қағаз түрінде немесе пошта арқылы жіберуге болады.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса